Accessibility links

НАТО-ның Грузиядағы жаттығулары аяқталып қалды


Грузияда өтіп жатқан НАТО-ның даулы оқу-жаттығулары маусымның 1-і күні аяқталады.
Бір айға созылған әскери жаттығуларға солтүстік альянсқа мүше 10 елдің және НАТО-ға әріптес елдердің 1,100 жасағы қатысты. Өткен жылы тамызда Грузиямен соғысқан Ресей бұл жаттығуларды "арандатушылық" деп атап, алдағы айда Грузияның шекарасы жанында өзінің әскери жаттығуларын өткізетінін хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG