Accessibility links

«Востокмашзавод» жұмысшылар жалақысына 75 млн теңге қарыз


Шығыс Қазақстандағы «Востокмашзавод» машина жасау зауыты қаржылық қиыншылықтарға ұшырап, жалақы төлей алмай отыр, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз өткен жылдың қыркүйек айынан бері әлемдік қаржы дағдарысының әсерін сезініп келеміз, әсіресе баға құлдырағанда қатты қиналдық. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның арқасында жағдай дұрыстала бастады, бірақ мәселенің шешімі табылды деуге әлі ерте», — деді Өскеменде өткен өнеркәсіпшілердің форумында зауыттың директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Айғазиев.

Зауыт өндіретін өнімнің көлемі азайып, оның салдары жалақының төленуіне кесірін тигізуде, қазіргі уақытта зауыт жалақыға 75 млн теңге қарыз болды.

Аталған форум қарсаңында облыстық әкімшілікте кәсіподақ ұйымы, зауыт әкімшілігі мен прокуратура өкілдері кездесіп, жұмысшылардың жалақысын төлеу мәселесін қарады. Жалақының қарызын алдағы 6 айда қайтаруға шешім қабылданды. Сонымен бірге зауыт пен «Қазақстан темiр жолы» АҚ вагон жасау жөнінде 4,9 млрд теңгеге келісім-шарт жасасты, бұл зауыттың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG