Accessibility links

Астанада кеме қоғамдық көлік ретінде қолданысқа берілді


Қазақстанда қоғамдық көліктің жаңа түрі қолданысқа берілді. Енді Астана тұрғындары қала ішінде кемемен де қатынай алады. Есілде алғашқы жолаушы тасымалдайтын шағын кемелер жұмыс істей бастады, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жолаушылар катері Есіл бойымен әзірге 5 аялдама арасына қатынайды. Оның өзі қаланың орталығынан шетіне дейін барады. Бұл қоғамдық көлікте жол ақысы автобустарға қарағанда 10 теңгеге қымбат, яғни 70 теңге.

Әзірге жолаушылар тасымалдайтын үш кеме жұмыс істейді. Оның біреуі Есіл өзенінің үстінде серуендеушілерге бөлек қызмет көрсетеді.

Қала әкімдігі бұл жобаны жүзеге асыруға 10 жылдай дайындалған. Бөлінген 2 млрд. теңгеге кемелер алынып, Есіл тереңдетіліп, жағалаулары жөндетілді. 65 орындық шағын кемелер сағатына 15 шақырым жылдамдықпен жүзеді.
XS
SM
MD
LG