Accessibility links

«Мейiрiм» реабилитациялық орталығы балаларға арнап концерт өткізуде


Бүгін Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналаған «Мейiрiм» реабилитациялық орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай концерт өткізуде.

Бұл шараға «Абырой» жастар қозғалысы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері, сондай-ақ эстрада әртістері қатысады.

Аталған орталық ертең де Қазақ ұлттық аргарлық университетімен бірігіп, тағы да мерекелік шара өткізеді.

«Мейiрiм» реабилитациялық орталығы 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл орталықта сөйлеуінде кемістігі бар, сондай-ақ Даун синдромымен, балалардың церебралды параличімен науқастанатын балалар бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG