Accessibility links

Әбілғазы Құсайынов: Қазақстан — Иран теміржолы қазақстандық бөлігінің құрылысы IV тоқсанда басталады


Иранға дейін салынатын темір жолдың қазақстандық бөлігінің құрылысы осы жылдың IV тоқсанында басталады, — деп хабарлады ҚР транспорт және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

«Қазақстан, Түркіменстан мен Иран мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың IV тоқсанында республикалық бюджеттің есебінен Өзен теміржол желісінің құрылысы басталады», — деді ол.

Бұл аумақ халықаралық Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәлізінің бөлігі. Аталған теміржол желісі Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен тікелей жалғасуын қамтамасыз етеді.

Әбілғазы Құсайыновтың айтуынша, Қазақстан — Иран жолының жалпы ұзындығы 678 шақырым, оның республика аумағына кіретіні 138 шақырым.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG