Accessibility links

Ирандағы толқулардан кейін бірнеше адам тұтқындалды


Иран ресмилерінің хабарлауынша, елдің оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласында орын алған сектанттық негіздегі зорлық-зомбылық әрекеттерінен кейін қауіпсіздік жағдайы қалпына келтірілген. Полиция басшысының орынбасары Ахмад Реза Раданның айтуынша, тұтқындалғандардың арасында сунниттер мен шииттер де болған.

Иран парламентінің бұрынғы мүшесі Жалал Жалилзадех Фарда радиосына берген сұхбатында әлгі тәртіпсіздік әрекеттерінен кемінде 10 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды деп мәлімдеді.

Өткен аптада Захедан қаласындағы бір мешітте болған жарылыстан 25 адам құрбан болған-ды.
XS
SM
MD
LG