Accessibility links

Пхеньян тағы бір зымыранын ұшырмақшы


Солтүстік Корея ұзақ қашықтыққа арналған зымыранын ұшыруға дайындалып жатыр. Оңтүстік Корея ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл зымыран теңіз жағалауының солтүстік-батысындағы Донгчанг-ни ұшыру жеріне әкелінген. Хабарларға қарағанда, Пхеньян аталған зымыранын маусымның 16-да ұшыруы мүмкін. Дәл сол уақыт аралығында Оңтүстік Корея мен АҚШ президенттері Вашингтонда кездесуі тиіс.

Өткен апта Солтүстік Корея екі рет ядролық бомбасын сынақтан өткізіп, қысқа қашықтыққа арналған бірнеше зымыранын ұшырған соң аймақтағы шиеленісті жағдай ушығып тұр.
XS
SM
MD
LG