Accessibility links

ҰҚК Жәкішевтің ісіне тапсырыс берілгенін жоққа шығарды


Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қатысты қылмыстық іске саяси тапсырыс берілген емес. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың мәліметінше, Мұхтар Жәкішев пен ұлттық компанияның басшылығында болған бірқатар лауазымды тұлғалар «аса ірі көлемдегі қаржыны жымқырды» деген күдікпен ұсталған.
XS
SM
MD
LG