Accessibility links

«Қазатомпром» жұмысшылары ҚР президентінің атына ашық хат жолдады


«Қазатомпромның» уран өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Қазатомпром» ұлттық компаниясы төңірегіндегі жағдайды анықтауды сұрап ашық хат жолдады. Жұмысшылар сондай-ақ «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы мен орынбсараларына қатысты сот процесінің ашықтығы мен жариялылығына, оған қазақстандық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының қатыстырылуына кепілдік сұрайды.

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының қызметінен шеттетілген бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің тағдырына 22 кәсіпорынның атынан алаңдаушылық білдіреміз. Компанияның жұмысына қатысты тексерулер әлі біткен жоқ. Ұжым мүшелері Мұхтар Жәкішевтің заңсыз қылмыстық қудалануына байланысты қауіптенуде. Біздің конституциялық құқығымыз бен еркіндігіміздің кепілі, мемлекеттің басшысы ретінде сізден осы жағдайдың дың басын ашуды сұраймыз», — делінген ашық хат мәтінінде.

Сонымен бірге ашық хатта компанияның жалақы жөніндегі қарыздарының жойылғандығы мен жаңа технологиялардың енгізілуі сияқты оң өзгерістердің бұрынғы басшыныңы есімімен байланысты екені баяндалған.

Кәсіпорын жұмысшыларының пікірінше, Мұхтар Жәкішевке қарсы «ойдан шығарылған» айыптаулар аталған компанияның бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ экономикалық шығын мен халықаралық дәрежедегі беделдің төмендеуіне алып келеді.
XS
SM
MD
LG