Accessibility links

Қырғызстанда халықаралық сараптық конференция өтеді


5 -6 маусым күндері Қырғызстанда Ыстықкөл өзенінің жағалауындағы Шолпан-атада «Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Орталық Азиядағы бірігу факторы ретінде: бақылаушы елдер мен көрші елдер әлеуеті» атты халықаралық сараптық конференция өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар Ресейдегі ТМД елдері институтының аймақтық бөлімі мен Александр Князев қоғамдық қоры. Аталған форумға Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер — Қазақстан, Қытай, Қыргызстан, Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстанның беделді сарапшылары, сондай-ақ бақылаушы елдер — Иран, Үндістан, Пәкістан мен Моңғолия және Ауғанстан өкілдері қатысады.

Шара барысында бақылаушы елдер мәртебесі мен ұйым құрамын кеңейту мәселесі қарастырылады. Сонымен бірге бағдарлама бойынша Орталық Еуразияның геосаясаты, ықпалдасу мен ынтымақтасу және ШЫҰ-ның энергетикалық, коммуникациялық, инвестициялық мүмкіндігі сөз болмақ.
XS
SM
MD
LG