Accessibility links

Марат Тәжин Нидерланды корольдігіне сапар шекпек


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е. Ашықбаевтың хабарлауынша, 3-4 маусым күндері ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Нидерланды корольдігіне сапары жоспарлануда.

Сапар бағдарламасы аясында М.Тәжин Нидерланды сыртқы істер ведомствосының басшысы Максим Верхагенмен және басқа да Нидерланды үкіметінің мүшелерімен кездеспек.

Сапар барысында түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың даму жағдайы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары, сондай-ақ халықаралық саясаттың өзекті мәселелері талқыланады.
XS
SM
MD
LG