Accessibility links

«Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларының директорлар кеңесінің құрамы өзгерді


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына енетін еншілес компаниялар директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды, — деп хабарлайды аталған қордың баспасөз қызметі.

Басқарма жиыны қабылдаған шешімге сәйкес, «Қазақстан Даму банкі» АҚ директорлар кеңесін ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев басқарады.

Ал «Қазақстан Даму банкі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған Ғали Есқалиев бұған дейін банктің вице-президенті қызметін атқарған.

«Қазақстан Даму банкі» басқармасының басқарушы директорлығына: Жанат Жақанов, Нұрәли Әлиев, Қалия Сәлімбаева, Едіге Мұқанов, Берік Өтемұраттар тағайындалған, бұлардың барлығы да бұрын «Самұрық-Қазына» қоры мен банкте топ-менеджерлерлік қызметте болған.

«Самұрық-Қазына» басқармасының шешімімен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып Қайрат Әйтекенов тағайындалды. Ол қордың басқарушы директоры және басқарма мүшесі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG