Accessibility links

Владимир Козловқа қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды


Алматы қалалық соты «Алға, ҚДТ!» қозғалысының жетекшісі Владимир Козловты Әділет министрлігі тіркемеген партияның атынан әрекет еткені үшін айыптаған ауданаралық арнаулы әкімшілік сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Сот төрешісі Федотова біздің адвокаттың шағымын қанағаттандырған жоқ және аудандық соттың қаулысы заңдық күшіне енді. қалалық сот төрешісінің түсіндіруінше, бұл қайта шағымдануға жатпайды», — деді В. Козлов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры К.Үсіпбаев ҚР Әкімшілік кодексінің 1-бөлімі, 374-і бабы бойынша тіркелмеген қоғамдық ұйымды басқаруға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықты негізге ала отырып, ресми тіркеуде жоқ «Алға» оппозициялық партиясының үйлестіру комитетінің жетекшісі Владимир Козловқа қарсы әкімшілік іс қозғаған.

Ал бұл істі қараған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мамырдың 19-ы күні ұйым жетекшісін айыпты деп тауып, оған 127 мың теңге айыппұл салған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG