Accessibility links

Обама: АҚШ өз құндылықтарын өзге елдерге таңбайды


АҚШ президенті Барак Обама ББС телеарнасына берген сұхбатында осылай дей келіп, алайда заңның, демократияның, сөз еркіндігінің және діни наным-сенімнің құрметтелуі-бүкіл әлемдік құндылықтар, деп баға берді. Сондықтан оларды тарихи, мәдени өзгешеліктеріне қарамастан барлық елдер қабылдай алады, деді.

Бұл орайда Америка іс жүзінде үлгі көресете алады, дей келіп, Обама мырза мысал ретінде келер жылы Гуантанамо түрмесін жабу туралы жоспарларын еске салып өтті.

Сондай-ақ, АҚШ президенті Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келісімді алға жылжыту ісінде Құрама Штаттардың көмектесе алатынын да айтты.
XS
SM
MD
LG