Accessibility links

Air France компаниясының жоғалған ұшағын іздестіру жалғасуда


Бразилия, Франция және басқа да елдер ұшақтары іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Рио де Жанейродан Парижге қарай ұшып шыққан ол ұшақ Атлант мұхитына батып кеткен болуы мүмкін, деген болжам айтылуда.

Бортына 32 елден 228 жолаушы мінген А330 ұшағы дүйсенбі күні аспанға көтерілгеннен 4 сағат кейін із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Францияға дейін ұшу уақыты 11 сағатқа созылады, деп белгіленген бұл ұшақтың электр жүйесінде ақаулар шыққанға ұқсайды. Бәлкім әуе құйынына тап болып, оған найзағай түсуі де мүмкін, дейді мамандар.

Аман қалғандарды табу мүмкіндігі болмашы, деді Франция президенті Николя Саркози.
XS
SM
MD
LG