Accessibility links

Саркози сәрсенбіде Моттакимен Парижде кездеседі


Франция президенті Николя Саркози сәрсенбіде Иран Сыртқы істер министрі Манучер Моттакимен Парижде кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасына байланысты сөйлесуді қайта жаңғырту жолдарын іздестірмекші. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше бес ел мен Германия уранды байытуын тоқтатуға Иранды көндірмекші. Батыс елдері ол бағдарлама бойынша Иран ядролық бомба жасауды көздеуде, деп күдік айтуда. Ресми Техран болса, бар болғаны ядролық жылу бекетін салуды жоспарлауда екендерін қайталап келеді. БҰҰ уранды байыту бағдарламасы үшін Иранға тиым жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG