Accessibility links

Сеул: Солтүстік Кореяның келесі басшысы белгіленді


Хабарларға қарағанда, Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң-Илдің тақ мұрагері ретінде өзінің кіші ұлы Ким Жоң-Унды белгілегені жөнінде Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі анықтаған екен. Аталған қызмет ол хабарды я растап, я жоққа шығара қоймады. Жаңа мұрагер қазір жиырманың белортасында көрінеді.

Аталған хабар ресми Пхеньянның ядролық сынағы 25 мамырда өткеннен кейін тараған екен. Ким Жоң-Ил өткен жылдан бері едәуір сырқат, дейді хабарлар.

Солтүстік Корея қазір орта қашықтыққа арналған зымырандарының сынағын өткізуге әзірленуде көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG