Accessibility links

АҚШ Оңтүстік Осетияда сайлау өткізілгенін айыптады


Жексенбідегі бұл сайлау жікшілдік парламентті анықтау үшін өткізілген болатын. Мемлекеттік департамент жариялаған мәлімдемеде: АҚШ аталған сайлауды заңсыз деп жариялап, оның қорытындысын мойындамайды делінген. Бұл сайлау аймақтың Грузиямен арасындағы бейбіт те келісімге толы шешімнен кері кеткендік болды, деп сипатталған. Құрама Штаттар Грузияның халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы аясындағы егемендігі мен территориялық тұтастығын одан әрі қолдай береді, делінген. ЕуроОдақ пен Грузия да бұл сайлауды заңсыз деп жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG