Accessibility links

Өзбекстанда Қазақстанға әкелінбек болған ірі көлмедегі есірткінің жолы кесілді


Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ірі көлемдегі, 26 килограмм есірткіні тәркілеген.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз ақпаратына сәйкес, Сырдария облысының Янгиер ауданындағы жедел тексеру шаралары барысында қауіпсіздік қызметкерлері «Нексия» маркалы көліктің салоны мен жүк салғышынан үлкен қаптар тауып алған. Жүктің иелері оның «Қытайда шығарылған жуғыш заттар» екенін айтқан. Тексеру нәтижесінде қаптардың ішінде кір жуғыш ұнтақтармен бірге салынған 15 пакет есірткі табылған, олардың жалпы салмағы 26 килограммнан асады.

Есірткімен қолға түскендердің біреуі Тәжікстанның, екеуі Өзбекстанның азаматтары. Ұсталғандар бұл есірткіні Тәжікстан арқылы Қазақстанға, одан әрі Ресейге әкетпек болған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG