Accessibility links

Халық санағының қаржысын жымқырған күдікті ұсталды


Сот санкциясымен ҚР статистика агенттігі төрағасының орынбасары Нұрман Баянов тұтқындалды, ал агенттік төрағасының тағы бір орынбасары Берлі Мендібаев ұсталды, — деп хабарлады Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің (Қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Ұсталған статистика агенттігінің қызметкерлеріне ұлттық халық санағын өткізуге арнайы тағайындалған қаржыны жымқырып кетті деген айып тағылуда.

«Ұлттық халық санағын өткізуге барлығы 1,144 миллиард теңге бөлінген, тергеу жұмыстары санаққа іс жүзінде 379 миллион теңгенің жұмсалғанын анықтады, сонда қалған 764,8 миллион теңгені агенттіктің лауазымды тұлғалары мен жеке кәсіпорындардың басшылары жымқырып кеткен», — деді Қаржы полициясының ресми өкілі.
XS
SM
MD
LG