Accessibility links

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бұрынғы басшыларының ісі сотқа өткізілді


ҚР Қоршаған ортаны қорғау экс-министрі Нұрлан Ысқақов пен вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Бралиевтерге қатысты қылмыстық іс сотқа берілді, — деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Бралиевтерге және «Меркурий-плюс» ЖШС-нің өкілі Жайылғановқа қатысты қылмыстық іс Астана қаласы Есіл аудандық сотына өткізілген.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осы жылдың 20 сәуірі күні бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен бұрынғы вице-министрлер Әлжан Бралиев, Зейнолла Сәрсенбаевтарға қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджеттің 1,1 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG