Accessibility links

Депутаттар зейнетақы қоры топ-менеджерлерінің жалақыларына қарсылық білдіруде


ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (ГНПФ) топ-менеджерлерінің жалақылары мен сыйақыларына қарсылық білдіруде, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Есеп комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлаған мәжіліс депутаты Виктор Рогалевтің айтуынша, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы айлық жалақысына 1 млн теңге алса, оның орынбасарларының айлығы 856 мың теңге екен.

«Мұнымен қоса жыл қорытындысы бойынша қордың үш басшысының сыйақы мөлшері 75,5 миллион теңгені құраған. Ал қор төрағасының іссапар шығындарының төлемі ерекше мөлшерде бекітілген, сондай-ақ қызметкерлердің ұялы байланыс телефондарының шығындары да қарастырылған. Байқасаңыздар мұның бәрі біздің зейнетақылық жинағымыздың ақшасы», — деді В.Рогалев.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG