Accessibility links

Экология департаментінің бастығы пара алды деген айыппен қамауға алынды


Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің (Қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың хабарлауынша, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Есіл департаментінің үш лауазымды тұлғасынан құралған топтың қылмыстық іс-әрекеті әшкереленген.

Оның айтуынша, қаржы полициясы органдарына Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Есіл департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерден қалдықтардың төлұқұжаттарын келістіру мен тіркеу үшін жүйелі түрде ақшалай пара алумен айналысады деген ақпарат келіп түскен. Бұл ақпарат бойынша агенттік жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде департаменттің үш лауазымды тұлғасынан құралған топтың қылмыстық іс-әрекеті анықталған.

«Мәселен, ағымдағы жылдың 25-26 мамырында жеке кәсіпкерден жалпы соммасы 160 мың теңге пара алу үстінде Экология департаментінің бастығы Әбдінұр Батаев пен оның қарамағындағы қызметкерлер ұсталды, 29 мамыр күні сот санкциясымен Батаев тұтқынға алынды, ал топтың басқа мүшелерінен ешқайда шықпау туралы қолхат алынды. Олардың барлығына пара алды деген айып тағылды», — деді Қаржы полициясының ресми өкілі.
XS
SM
MD
LG