Accessibility links

«Тасжарған» газетінің шағымы қанағаттандырылмады


Бүгін Алматы қалалық сотының қадағалау алқасы апелляциялық инстанцияның шешіміне шағымданған «Тасжарған» газетінің шағымын қарады, бірақ шағым қанағаттандырылған жоқ. Енді бізге Жоғарғы сотқа шағымдану ғана қалды, — деді Азаттық радиосына басылымның бас редакторы Бақыткүл Мәкімбай.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен сот отырысында Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы қалалық соттың Медеу аудандық сотының шешімін қатайтып, 3 миллион теңге айыппұлды 10 есеге ұлғайту туралы шығарған шешімін өзгеріссіз қалдырған еді.

Аталған сот дауына себеп болған ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ромин Мадиновтің 2008 жылы 24 сәуірде «Тасжарған» газетінде жарық көрген «Байғұс латифундист» атты мақала өзінің ар-намысына тигенін алға тартып, газеттің меншік иесі мен мақала авторы Алмас Көшербаевтың әрқайсысынан моральдық өтем ретінде 300 миллион теңге өндіріп алу туралы талабы.
XS
SM
MD
LG