Accessibility links

Air France ұшағының қалдықтары табылған соң, іздеу шаралары жалғасуда


Бразилияның әуе күштері Атлант мұхитына құлаған, ішінде 228 жолаушысы бар ұшақтың қалдықтарын тапқан соң, сол маңда іздеу шаралары одан әрі жалғасуда.
Бразилиялық әскерилердің айтуынша, теңізден 5 шақырымдай жерден құлаған ұшақтың орындығы, метал сынықтары мен жанармай қалдықтары табылған.
Сарапшылар A330 әуе кемесінің ішінде болғандардың бәрі қаза тапқаны анық деп отыр.
Дүйсенбі күні таңертең Рио-де-Жанейродан Парижге ұшып шыққан Air France ұшағы апатқа ұшыраған еді.
Бразилия үкіметі апат құрбандарын аза тұту күнін жариялады. Бұл ұшақта 32 елдің азаматы болған, оның көбісі Бразилия мен Франция тұрғындары болып отыр.
XS
SM
MD
LG