Accessibility links

Ауғанстандағы жаңа қолбасшы "соғысты жеңеміз" деді


Президент Барак Обаманың тағайындауымен АҚШ армиясының генералы Ауғанстандағы АҚШ және НАТО күштеріне қолбасшылықты алып отыр. Генерал Стэнлей МакКристал Ауғанстандағы талибандар мен экстремистерге қарсы соғыста жеңіске жетеміз деп сенеді. Бірақ ол сейсенбі күні Сенаттағы қарулы күштер қызметі жөніндегі комитетте болған тыңдауларда, Ауғанстанның келешегіне төнген қауіптер көбейіп, онда жеңіске жету оңай бола қоймас деген.
Жаңа қолбасшы генерал МакКристал Ауғанстандағы бүлікшілер, ауған үкіметінің нәтижелі басқару мүмкіндіктерінің жетіспеушілігі, коррупция мен есірткі бизнесі бұл елдегі өзекті мәселелер қатарында қалып отыр деді.
XS
SM
MD
LG