Accessibility links

Британия күштері талибан жетекшісін өлтірді


Британия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оның күштері Ауғанстанның оңтүстігіндегі талибан жетекшісін өлтіріп, бүлікшілерге айтарлықтай соққы беріп отыр.
Министрліктің айтуынша, Хельманд провинциясындағы тікұшақ шабуылы кезінде талибан жетекшісі Мулла Мансур өлтірілді.
Хельманд үкіметінің өкілі Дауд Ахмадидің сөзіне қарағанда, Мансур талибан режимі кезінде авиация министрі болған.
Британ әскерінің өкілі лейтенант Ник Ричардсонның айтуынша, Мулла Мансур жүздеген адамның өліміне әкелген шабуылдарға жауапты адам.
XS
SM
MD
LG