Accessibility links

Молдовада президенттік сайлау тағы сәтсіз аяқталды


Бүгін Молдова парламентінде биліктің коммунистік партиясы өз кандидаттарын президентікке өткізе алмады. Екінші турдағы президенттік сайлауға коммунистер партиясының екі кандидаты дауысқа түскен еді. 101 орындық парламенттегі 60 орынды коммунистер иеленіп отыр. Бүгінгі дауыс беруге коммунистердің барлығы қатысқанымен, қазіргі президент Владимир Ворониннің мұрагерін сайлау үшін 61 дауыс керек болды.
Оппозиция мамырдың 20-дағы сайлаудың алғашқы сатысында коммунистер кандидаты, қазіргі премьер-министр Зинаида Гречаннаяны сайлауға бойкот жариялаған еді, сәрсенбі күнгі бұл дауыс берулерге де қатысудан бас тартты.
Молдова конституциясына сәйкес, мұндай жағдайдан кейін президент парламентті таратып, 45 күннің ішінде елде кезектен тыс сайлаулар өткізуі керек.
XS
SM
MD
LG