Accessibility links

Ауғандағы жарылыстан 10 қауіпсіздік сақшысы мерт болды


Ауған полициясының хабарлауынша, екі бірдей жол бойына қойылған бомба жарылысынан 10 қауіпсіздік сақшысы қаза тапты. Елдің шығысындағы Пактия провинциясының полиция басшысы Азизуллах Вардактың айтуынша, бұл үкіметтік емес күштер бұл аймақтағы АҚШ жасағымен бірге жұмыс жасап жатқан. Бірақ олардың қандайда бір қауіпсіздік компаниясында қызмет еткені немесе АҚШ күштерімен қалай бірге жүргені белгісіз қалып отыр.
Бұларада Британия қорғаныс министрлігі Хельманд провинциясындағы Герешк ауданында бір британ әскері мерт болғанын айтып, 2001 жылдан бері бұл елдегі британдық әскердің шығыны 166-ға жеткенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG