Accessibility links

Саркози Иранның сыртқы істер министрімен кездеседі


Бүгін Парижде Франция президенті Николя Саркози Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттакимен кездесіп, бұл елдің ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келіссөздерді қайта бастауға Теһранды көндіріп көрмекші.
Бұл кездесу алтыжақты келіссөздерді қайта жаңғырту мүмкіндігін қарастырады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері АҚШ, Британия, Франция, Ресей, Қытай елдеріне қоса Германия ядролық бомба жасалады деп күдік тудырып отырған уран байыту жұмыстарын тоқтатуға Иранды көндіргісі келеді.
Иран өзінің ядролық жұмыстары бейбіт мақсатта екенін айтады. БҰҰ Иранның уран байытуына байланысты Теһранға санкциялар енгізген.
XS
SM
MD
LG