Accessibility links

АҚШ тәуелсіздік күніне Иран дипломаттарын шақырды


Обама әкімшілігі әлемдегі барлық АҚШ елшіліктеріне шілденің 4-і күні өтетін тәуелсіздік мерекесіне ирандық дипломаттарды шақыруды тапсырды.
Хабарларға қарағанда, мемлекеттік департамент әр елдегі елшіліктері мен консулдықтарына мерекелік шараларға ирандық әріптестеріне шақырту жолдауды тапсырған.
АҚШ департаментінің өкілі Роберт Вуд "бұл қадамдар біздің Иран үкіметімен байланыс құру саясатымыздың аясында жасалып отыр" деді.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG