Accessibility links

Қытай әлеуметтік сайттар мен блогтарға тосқауыл қойды


Қытай билігі ел ішінде Twitter блогы мен басқа да түрлі әлеуметтік вебсайттарға кіруге тосқауыл жасап отыр.
Бейжіңнің бұл шектеулері Тяньаньмынь алаңындағы қанды қырғынның 20 жылдығын еске алу шаралары қарсаңында, интернеттегі талқылауларға жол бермеу үшін жасалып отыр.
Ақпараттық ұйымдардың құқын қорғайтын “Шекарасыз тілшілер” тобының айтуынша, Қытай билігі кемінде 12 вебсайтты тұмшалап тастаған, оның ішінде видео көріністері бар сайттар мен бірнеше блог бар.
1989 жылдың 4-ші маусымында қытай күштері Тяньаньмынь алаңына шыққан студенттер толқуын күшпен басып тастаған.
Онда жүздеген, бәлкім мыңдаған адам қаза тапқан болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG