Accessibility links

Санкт-Петербургте дүниежүзілік астық форумы басталады


6 маусым күні Санкт-Петербургте дүниежүзілік астық форумы басталады. Екі күндік форумның күн тәртібіндегі «астық ОПЕК»-ін құру мәселелесі талқыланбақшы.

«65 мемлекеттің ауыл шаруашылығы министрлері мен халықаралық ұйымдар және қаржы институттарының, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші бірлестіктердің басшылары қатысатын форум аясында әлемдік астық саудасы мен тұтыну, сондай-ақ тұрақты әлемдік астық қорын құру мәселелері қаралады», — делінген ұйымдастыру комитеті таратқан хабарламада.
XS
SM
MD
LG