Accessibility links

АҚШ президенті Барак Обама ислам елдеріне үндеу жолдамақ


Бүгін АҚШ президенті Барак Обама ислам елдеріне үндеу жолдайды, оның бұл үндеуі мұсылман әлемінің Құрама Штаттарға деген қарым-қатынасын жақсартуға шақырады.

Таяу Шығысқа сапармен барған Барак Обама үндеуін Египеттің астанасы Каирде жолдамақ. Ақ үйдің хабарлауынша, 45 минуттық президент үндеуінде Израиль-Палестина жанжалы, Ауғанстан, Пәкістан мен Ирактағы жағдай, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде айтылады.

Барак Обаманың үндеу жариялау қарсаңында «әл-Қаиданың» басшысы Усама бен Ладеннің мәлімдемесі деп танылған үнтаспа жарыққа шықты, онда Америка президентінің Құрама Штаттарға өшпенділік тудырып отырғаны айтылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG