Accessibility links

Бүгін ұлттық бірыңғай тестілеу басталды


Бүгін Қазақстанда мектеп бітірушілерге арналған ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. 10 маусымда аяқталуға тиіс тестілеу процесі 80 аудан орталығы мен 29 қалада жүргізіледі.

Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп бітірушілер мен ата-аналардың өтініштерін ескере отырып, ҰБТ-ға бірқатар жаңалықтар енгізді. Атап айтқанда, емтихан уақыты жарты сағатқа ұзартылып, түлектер ҰБТ-ны бұрынғыдай 5 күн емес, 7 күн тапсыратын болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың мәліметінше, биылғы 132 мың 461 түлектің 108,6 мыңы (82%) ҰБТ тапсыруға тілек білдірген.
XS
SM
MD
LG