Accessibility links

Алматыға Англиядан 1500 жанкүйер келді


6 маусым күні Алматы қаласында Қазақстан мен Англия ұлттық құрамалары арасында футболдан 2010 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің екінші матчы өтеді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Англия құрамасы аталған матчқа қатысу үшін толық құрамымен Алматыға кеше кешке келіп жетті. Сонымен бірге өз елінің ойыншыларын қолдау үшін Англиядан 1500 жанкүйер келген.

Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Сейділдә Байшақов екі ел құрамаларының ойындары қызықты өтетінін әрі Қазақстан құрамасы жеңілген күннің өзінде бұл кездесу Қазақстан үшін есте қаларлық тарихи жағдай болатынын атап өтті.

Дәл қазір Қазақстан ұлттық құрамасы дайындық үстінде. Ал матчтың билеттері лезде сатылып кеткен. Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің екінші матчы «Хабар» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
XS
SM
MD
LG