Accessibility links

Уго Чавес: Кубаның Американдық мемлекеттер ұйымына қайта оралуы «үлкен жеңіс»


Американдық мемлекеттер ұйымына (ОАГ ) Кубаның қайта оралуы «үлкен жеңіс» деп есептейді Венесуэла президенті Уго Чавес.

Таяуда ғана Американдық мемлекеттер ұйымы 1962 жылғы шешімін жойып, Кубаны ұйымның құрамына қайтарып алған болатын.

Куба ұйым құрамына толығымен қайтарылу үшін Американдық мемлекеттер ұйымының адам құқықтары саласындағы жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс. Бұдан бұрын АҚШ өкілдері Кубаның мүшелігін толығымен қалпына келтіру үшін демократиялық реформалар жолына қайтуы керектігін айтқан.

Куба өз тарапынан бұл ұйымды АҚШ-тың қолындағы құрал деп есептейтіндіктен, оның мүшелігін керек қылмайтынын айтып отыр.

Куба қазірге дейін Американдық мемлекеттер ұйымына кірмеген Батыс жарты шардағы жалғыз мемлекет.
XS
SM
MD
LG