Accessibility links

Қытайда қауіпсіздік шаралары күшейтілді


Қытайдағы Тяньаньмынь алаңына шыққан наразылық танытушылардың басып-жаншылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған байланысты елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Гонконгта орналасқан адам құқықтарын қорғаушы топтың мәліметінше, полиция кемінде 65 белсендіні үй қамауына отырғызған.

Қытай сыртқы істер министрлігі АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдемесін «елдің ішкі істеріне араласу» деп атады. Клинтон Қытай билігін Тяньаньмынь алаңында өлтірілген немесе із-түссіз жоғалып кеткен азаматтардың аты-жөнін жариялауға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG