Accessibility links

Бағдадтағы шабуылдан 9 адам опат болды


Бағдадта орын алған жарылыстан 9 адам қаза тауып, 31 кісі жарақат алды. Сәрсенбі күнгі мұндай шабуыл сияқты жарылыстар Ирақ қауіпсіздік күштерінің өз мемлекетін қорғау қабілеттеріне байланысты күдік туғызып отыр.

АҚШ өзінің әскери күштерін Ирақ қалаларынан маусымның аяғына дейін шығаруға дайындалып жатыр. Жалпы АҚШ күштері Ирақтан 2011 жылға дейін толығымен шығарылуы тиіс. Мұндай келісімге Вашингтон мен Бағдад өткен жылы қол қойған болатын.
XS
SM
MD
LG