Accessibility links

Арменияда жаңа ядролық зауыт салынбақшы


Армения атом энергиясы зауытын салу жөніндегі алғашқы келісім-шартқа қол қойды. Армения энергия министрі Армен Мовсисянның мәлімдеуінше, 460 миллион долларлық бұл жобаны Австралияда орналасқан инженерлік Worley Parsons фирмасы басқаратын болады. 2017 жылы аяқталатын жаңа жоба Ереваннан 30 шақырым жердегі Медзамор зауытының орнына жүзеге асырылмақ.
XS
SM
MD
LG