Accessibility links

Халықаралық жетекшілер Обаманың үндеуін мадақтауда


Әлем елдерінің жетекшілері АҚШ президенті Барак Обаманың мұсылман әлеміне арналған мәлімдемесін мадақтауда. Израиль үкіметі Обаманың Израиль мен Араб әлемі арасындағы бейбітшілік үміттеріне қосылатынын мәлімдеді. Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана Обаманың жолдауын керемет деп атап, ол Араб-мұсылман әлемімен қарым-қатынастарда жаңа бетті ашады деп атап көрсетті. Араб лигасының жетекшісі Амр Муссаның мәлімдеуінше, жан-жақты қамтылған Обаманың мәлімдемесі жақсы қарым-қатынастардың негізін қалайды.
XS
SM
MD
LG