Accessibility links

Алматыда футбол матчына байланысты тәртіп күшейтілді


Ертең Алматыда Қазақстан мен Англия ұлттық құрамалары арасында футболдан 2010 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің екінші матчы өтетіне орай полиция қаладағы тәртіпті күшейтті, — деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Мәселенің көптеген тұстары, оның ішінде ағылшын жанкүйерлерінің мінез-құлықтары да ескерілді. Бірнеше ай бұрын қазақстандық полицейлер Англия мен Украина футбол командаларының кездесуінде ағылшын полицейлерінің тәртіпті қалай қадағалағанын көздерімен көрген. Азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау және заң бұзушылықпен күрес мақсатында тәртіп күшейтілді. Матч қарсаңы мен өту кезеңінде Абай даңғылы Сейфуллин даңғылынан Әуезов көшесіне дейін, Сәтпаев көшесі Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін, ал Байтұрсынов көшесі Шевченко көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін жабық болады. Сондай-ақ футболшылар мен жанкүйерлердің, қала қонақтарының толық қауіпсіздікте болуы үшін бізге Алматыға келген ағылшын полицейлері көмектеседі», — делінген ІІД таратқан баспасөз хабарламасында.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG