Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда контрабандалық 15 тонна пияз тәркіленді


Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері мемлекеттік шекара желісінен бірнеше метр жерден 15 тонна пияз тиеген Камаз көлігін кездестірген.

«Көліктегі екі адам бұл жүкті Қазақстанға контрабандалық жолмен алып бара жатқан. Тексеру барысында анықталған жүктің иесі К. Өзбекстан аумағында жүк тиеуге адам жалдап, пиязды шекарадан қап арқылы тасытып, Камазға тиетіп алған. Экономикалық контрабанда жасаған ұсталушыдан тәркіленген тауардың нарықтағы құны 1 миллион 306 мың теңгені құрайды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді кеден баспасөз қызметінің өкілі Марат Боранбай.
XS
SM
MD
LG