Accessibility links

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді


Шығыс Қазақстан облысында күші 3 баллдық жер сілкінісі тіркелді, жер дүмпуінің эпицентрі Зырянов ауданы, — деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін жергілікті уақытпен таңертеңгі 9.30 –да Зырянов ауданының аумағында, Зырянов қаласынан солтүстік батысқа қарай 40 шақырым жерде жер сілкінісі орын алды. Аудан аумағында күші 3 балл болған жер сілкінісінің Өскеменге әсері 1-2 балл болды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
XS
SM
MD
LG