Accessibility links

Қазақстан мен Англия журналистері футбол ойнайды


«MediaNet» халықаралық журналистика орталығының хабарлауынша, ертең сағат 11-де Қазақстан мен Англия журналистерінің құрама командаларының арасында жолдастық матч өтеді.

Команда құрамында қазақстандық тараптан КТК, «Мир», «Қазақстан-1», «31 канал» телеарналары мен «Жас қазақ», «ПРО спорт», «Бизнес и власть», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының журналистері ойнайды.

Ал Англия құрамасынан Daily Mirror, The Independent, Sunday Times, Daily Mail, The Times, Reuters, Nationwide, The Sun, The Daily Telegraph, The Guardian, Daily Express, Getty Images, BBC Five Live сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
XS
SM
MD
LG