Accessibility links

Обама Меркельмен кездесті


АҚШ президенті Барак Обаманың Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуі бүгін Дрезден қаласында өтті. Кездесу барысында қаржылық дағдарыс, Таяу Шығыс мәселелері, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы жайы талқыланды. Обама кездесу барысында, Гуантанамо түрмесінен кейбір тұтқындарды өздеріне алуына қатысты Германияның міндеттеме ала қоймағанын да айтты. Обама сонымен бірге Бухенвальд лагерінде болып, Холокауст құрбандарын еске алмақшы. Ол АҚШ әскерилері ауруханасына барып, Ауғанстан мен Ирақта жараланған АҚШ жауынгерлерімен кездеседі.
XS
SM
MD
LG