Accessibility links

Британия үкіметінде өзгерістер болады


Британия үкімет басшысы Гордон Браун өкілінің айтуынша кабинеттегі ауыс-түйіс бүгін болмақшы. Осы аптаның ішінде үш министр қызметтерінен кеткен болатын. Оның соңғысы, Еңбек және зейнетақы істері бойынша министрі Джеймс Пурнел бейсенбіде қызметінен кету әрекеті арқылы Браунның үкімет басшылығынан кетуіне жасалған қысымды күшейте түсті. Сауалнамаларға қарағанда Еңбек және басқа да саяси партиялардың беделі құлдырап кеткен. Партиялардың есеп шоттарына байланысты парламент мүшелерінің жариялаған айыптаулары да олардың беделіне нұқсан келтіруде.
XS
SM
MD
LG