Accessibility links

Украина Ресей газы үшін қарыз өтелді дейді


Украина Ресейге газ үшін ақша төлегенін хабарлап отыр. Ресейдің «Газпром» компаниясы Украина сейсенбіге дейін шамамен 500 миллион доллар төлеуі тиіс деп шарт қойған болатын. Украиналық «Нафтогаз» компаниясының баспасөз хатшысының хабарлауынша, бұл қарыз өтелген. «Газпром» мұны әлі растаған жоқ.

Қаңтар айында Ресей мен Украина арасында орын алған газ дауына байланысты Еуропаның кей елдеріне газ жетпей қалған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG