Accessibility links

ЕҚЫҰ: Армения-Әзірбайжан келіссөзінде позитивті қадам болды


Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабах дауын шешуге көмектесу үшін құрылған халықаралық топ екі ел президенттерінің соңғы кездесуінде «позитивті қадамдар» жасалды деп мәлімдеді. Армения президенті Серж Саркисян мен Әзірбайжан мемлекет басшысы Илхам Алиев бейсенбі күні Санкт-Петербургте кездесіп, Таулы Қарабах мәселесін талқылады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының атап көрсетуінше, екі жақ кездесулерін одан әрі жалғастыруға келіскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG