Accessibility links

Клинтон Пхеньянды АҚШ-тың 2 журналисін босатуға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Солтүстік Кореяны екі американдық журналистті азат етуге шақырды. Лаура Линг пен Еуна Ли Солтүстік Кореяда наурыз айында қамауға алынып, «дұшпандық әрекеттерде» айыпталып отыр. Бұл журналистер адам саудасы туралы хабар берген болатын. Вашингтонда сөйлеген сөзінде Клинтон Пхеньянды тезарада әлгі журналистерді босатуға шақырды. Солтүстік Корея ресмилері аталған журналистер Қытайдан елге заңсыз кірді деп айыптауда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG